Карагандада да Домбыра PARTY өтті!!!

Жанасыл «Сапаржай» жақтағы теміржол вокзалына уақыт оздырмай тез жетті. «Сапаржай» жақтағы деймін-ау, одан басқа жерде т/ж вокзалы бардай.
Ол бір топ біздерді шығарып салуға келген-ді. «Чырт» етіп фотоаппарат жадысына жол тарттырған «электричкамен» Қарағандыға бастаңғылатып жол тартып бара жатқан суретімізді іле-шала Фейсбуктен көрдік. Біз ол суретке жеткенше Омар Анарбаев «лайктап» үлгерген еді…